«Домбыра» үйірмесі

8 жас
Мақсаты:
Ұлттық аспабымыз – домбыра арқылы жас ұрпаққа қазақ халқының рухани мұрасын дәріптеу, өнерге, әсемдікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Үйірменің пайдасы:
        •       Оқушылардың музыкалық қабілетін дамытады;
        •       Есту, ырғақ, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді;
        •       Шығармашылық ойлау мен сахна мәдениетін қалыптастырады;
        •       Қазақтың дәстүрлі өнеріне деген қызығушылықты арттырады;
        •       Ұжыммен жұмыс істеу, жауапкершілік және табандылық қасиеттерін дамытады.
Үйірмеде не үйретіледі:
        •       Домбыра тарту негіздері мен шертпе, төкпе күйлерді орындау;
        •       Ноталық сауат және музыкалық ырғақ;
        •       Қазақ күйшілерінің өмірі мен шығармашылығымен танысу;
        •       Сахнада өзін-өзі ұстау, ансамбльмен ойнау дағдылары.
Қатысушылар:
8 жастан бастап өнерге қызығатын балалар мен жасөспірімдер.
Нәтиже:
Үйірме қатысушылары түрлі концерттер мен байқауларға қатысып, ұлттық мәдениетті насихаттауға үлес қосады.
Made on
Tilda