«Актерлік шеберлік» үйірмесі

8 жас
Мақсаты:
«Актерлік шеберлік» үйірмесі – оқушылардың шығармашылық қабілетін, сөйлеу мәдениетін, қиял мен эмоцияны жеткізе білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Үйірме қатысушыларын сахна тілін меңгеруге, еркін сөйлеуге, өзін-өзі сенімді ұстауға және ұжыммен жұмыс істеуге үйретеді.
Үйірменің пайдасы:
        •       Сөйлеу мәдениетін, дикция мен мәнерлеп оқуды дамытады;
        •       Эмоцияны жеткізу, қиял мен зейінді күшейтеді;
        •       Өз ойын ашық айтуға және көпшілік алдында еркін болуға үйретеді;
        •       Ұжыммен жұмыс істеу, серіктеспен өзара әрекеттесу қабілеттерін қалыптастырады;
        •       Өзіндік тұлғалық дамуға және шығармашылық еркіндікке жол ашады.
Үйірмеде не үйретіледі:
        •       Сахна тілі мен актерлік этюдтер;
        •       Дикция, интонация және дауыс қою жаттығулары;
        •       Қойылымдар мен шағын көріністерді дайындау;
        •       Сахнада қозғалу, эмоцияны жеткізу, образ жасау негіздері.
Қатысушылар:
8 жастан бастап актерлік өнерге қызығатын балалар мен жасөспірімдер.
Нәтиже:
Үйірме тәрбиеленушілері түрлі театрландырылған қойылымдарға, фестивальдер мен байқауларға қатысып, сахна өнері арқылы өз шығармашылық әлеуетін дамытады.
Made on
Tilda