Copy: «Джи-джитсу» үйірмесі

6 жас
Мақсаты:
«Джи-джитсу» үйірмесі – оқушыларды шынықтырып, дене дайындығын арттырумен қатар, өзін-өзі қорғау әдістерін үйретуге бағытталған спорттық бағыттағы үйірме. Бұл үйірме балалар мен жасөспірімдерді тәртіпке, сабырлылыққа, ерік-жігерге және өз-өзіне сенімділікке тәрбиелейді.
Үйірменің пайдасы:
        •       Дене шынықтыру, икемділік, тепе-теңдік пен күшті дамытады;
        •       Қиын жағдайда өз-өзін қорғау дағдыларын қалыптастырады;
        •       Төзімділік, табандылық және батылдық қасиеттерін арттырады;
        •       Спорттық мәдениет пен қарсыласқа құрметпен қарауды үйретеді;
        •       Психологиялық тұрақтылық пен зейінді дамытады.
Үйірмеде не үйретіледі:
        •       Джи-джитсу өнерінің негізгі техникалары мен әдістері;
        •       Қорғаныс және шабуыл тәсілдері;
        •       Жекпе-жек кезінде тактикалық ойлау мен тепе-теңдікті сақтау;
        •       Дене қыздыру мен арнайы жаттығулар кешені.
Қатысушылар:
6 жастан бастап жекпе-жек өнеріне және спортқа қызығатын балалар мен жасөспірімдер.
Нәтиже:
Үйірме тәрбиеленушілері түрлі спорттық жарыстар мен фестивальдерге қатысып, күшті, төзімді және рухы мықты спортшы болып қалыптасады.
Made on
Tilda