«Қобыз» үйірмесі

8 жас
Мақсаты:
Қобыз — қазақ халқының ежелгі әрі киелі музыкалық аспабы. Үйірменің мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық мұраның мәнін ұғындырып, қобыз өнері арқылы рухани тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Үйірменің пайдасы:
        •       Музыкалық есту мен ырғақ сезімін дамытады;
        •       Эстетикалық талғам мен сахна мәдениетін қалыптастырады;
        •       Қазақ халқының тарихы мен дәстүрлі музыкасына қызығушылық тудырады;
        •       Шығармашылық ойлау қабілетін, табандылық пен жауапкершілікті арттырады;
        •       Эмоционалды және рухани дамуға ықпал етеді.
Үйірмеде не үйретіледі:
        •       Қобызда ойнаудың бастапқы техникалық тәсілдері;
        •       Қазақ және әлем композиторларының шығармаларын орындау;
        •       Ноталық сауаттылық пен музыкалық теория негіздері;
        •       Сахнада еркін өнер көрсету және ансамбльмен жұмыс.
Қатысушылар:
8 жастан бастап ұлттық музыкаға қызығатын балалар мен жасөспірімдер.
Нәтиже:
Үйірме тәрбиеленушілері түрлі байқаулар мен концерттерге қатысып, қобыз өнерін дәріптеп, қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосады.
Made on
Tilda